Ассалаумағалейкүм уа рахматуллахи уа баракатуһ! Қолға сия жұғып қалса, алынған дәрет есептелінбей ма? Бауыржан
|
Қолға сия жұқса, дәретке кедергісі бар ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Қолға жұққан сия себепті терінің бетінде әлдебір қабыршақ пайда болмайтындықтан, дәретке немесе ғұсылға кедергісі жоқ. Мәселен, қолға сыр, яғни, бояу жағылса, соның салдарынан терінің бетінде су өткізбейтіндей әлдебір қабыршақ пайда болуы мүмкін. Сол себепті, дәрет алмастан бұрын арнайы бояу кетіргіштердің көмегімен кетіріп, одан соң дәретін алғаны абзал. Ал, сия жағылған жағдайда терінің бетінде қабыршақ пайда болмайтындықтан, алған дәретіңіз есептеледі.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?