Әс сәләму әләйкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Протез тіспен жүрген адам мисуак қолданса, сүннетті орындаған бола ма? Яғни өз тісін тазалағандай сауап ала ма? Марфуға.
|
Протез тісі бар адам мисуак қолданса, сауабы бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) мисуак жайында былай деген:
السِّواكُ مَطهَرةٌ للفمِ مَرضاةٌ للرَّبِّ
«Мисуәк – ауызды тазалаушы, әрі Құдайға жағымды»[1].
Осы хадисте Пайғамбарымыз «ауызды тазалаушы» дей келе, барлық тістерді ішіне қамтып тұр: мейлі жасанды тіс болсын, мейлі табиғи тіс болсын. Сондықтан да, мисуак қолданғаны үшін сауап алады. Өйткені, мисуакты қолданудағы мақсат – ауыз қуысын тазалау. Аузы таза болғанға, Алла да риза.
Оның үстіне мисуакты қолдану – сүннет амалды орындау деген сөз. Сүннетті орындаған адамға да өз алдына сауап бар.
[1] Имам Нәсәи, (5). Айша анамыздан жеткен. Сахих.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?