Қар жауғанда оқылатын дұға бар ма?
Қар жауғанда оқылатын дұға бар ма?
4 жыл бұрын 10003

Ассаламу алейкум! Жұма мүбәрәк болсын! Дінде қар жауғанға қатысты дұға бар ма? Іздесем, тек "жаңбыр жауғанда оқылатын дұға", деп шыға береді. Бізде Астанада қар қалың жауады. Сондықтан білгім келеді. Рақмет. Тұрсын.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қар жауғанда мына төмендегі дұғаны оқуға болады:

اللَّهُمَّ بَاعِدْ بَيْنِي وَبَيْنَ خَطَايَايَ، كَمَا بَاعَدْتَ بَيْنَ المَشْرِقِ وَالمَغْرِبِ، اللَّهُمَّ نَقِّنِي مِنَ الخَطَايَا كَمَا يُنَقَّى الثَّوْبُ الأَبْيَضُ مِنَ الدَّنَسِ، اللَّهُمَّ اغْسِلْ خَطَايَايَ بِالْمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالبَرَدِ"

"Алла̀һумма Бә̀ъид бәйний уә бәйнә хато̀я, кәмә̀ бә̀ъадтә бәйнәль мәшриқи уәль мәғриб. Аллаһумма, нәққиний минәль хато̀я кәмә̀ юнәққа̀ әс-Сәубуль Әбяд минәд дәнәс. Аллаһумма! Иғсил хато̀я биль мә̀-и, уәс-сәлжи, уәль бәрд".

(Екпін қойылған әріптерді созып оқисыз)

Мағынасы: «Аллаһым мені мен қателіктерімнің арасын алшақтат, құдды шығыс пен батыстың арасын алшақтатқаның секілді. Аллаһым, ақ киімнің кірден тазарғаны сияқты, мені де қателіктерімнен тазарт. Қателіктерімді сумен, қармен және мұзбен жу!»[1].


[1] «Сахих Бұхари», «Сахих Мүслім».

Абдусамат Қасым