Жуылған киімде қанның дағы кетпесе, сол киіммен намаз оқуға бола ма?
Жуылған киімде қанның дағы кетпесе, сол киіммен намаз оқуға бола ма?
9 жыл бұрын 7577

Ассаламуғалейкум! Екі рет жуылған киімде қан дағы кетпесе, сол киіммен намаз оқыса бола ма?  Мұхит.

Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ!

Құрметті Мұхит, сахаба Әбу Һурайра риуаят еткен бір хадисте, Хаулә бинт Ясәр атты бір әйел кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:

- Мен хайызы келетін әйелмін. Және бір киімнен басқа киетін киімім жоқ. Не істерімді білмеймін, уа Расулалла? - деп сұрайды. Сонда Алланың елшісі оған:

- (Жуынып) Тазаланғаннан соң киіміңді жуып, сол киіммен намаз оқи бер – деп жауап береді.

- Уа Расулалла, (жуғаннан соң да)  киімде дақ қалып қалады? – деп қайта сұрайды.

- Сен киіміңді жу, одан кейінгі қалған дақтың саған зияны жоқ – деп жауап береді Алла елшісі (с.а.у.)[1].

Ендеше, хадистен де байқағанымыздай, жуғаннан кейін де қанның дағы қалып қойған киіммен намаз оқудың ешбір зияны жоқ.

[1] Әбу Дәуід – Сүнән : Китабут Тахара, Бәбу «әл-Мәрәту тағсилу...», №310; Ахмәд ибн Ханбәл – Мүснәд, №8412, 8582 хадистер.

Абдусамат Қасым