"Әурет жеріне қараса дәрет бұзыла ма?"
"Әурет жеріне қараса дәрет бұзыла ма?"
24 күн бұрын 1755

Ассаламуғалейкум! Бір сұрағым бар еді бір досым айтып еді егер әурет жерге қараса дәрет бұзылады деп,ер адамдардың өзі бір бірінің киініп жатқан кезде әурет жерін көрсе бұзылады деп, осы қаншалықты рас?

Әлхамдулилләһ. Уәссаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Әурет жеріне қарағаны себепті дәрет бұзылмайды, мұнда дін ғалымдарының арасында талас жоқ. Талас – әурет жерін ұстаса дәрет бұзыла ма, дегенге қатысты. Бізден басқа үш мәзхабта әуретін ұстаса дәрет бұзылады. Ал біздің мәзхабта әуретін ұстағаны үшін дәреті бұзылмайды. Оған да дәлел жоқ емес. Хадистер жинақтарында келтірілген бір хадисте, сахаба Талқ ибн Әли былай деп әңгімелейді:

«Бір топ болып, Алла елшісіне келдік те оған қол бердік. Онымен бірге намаз оқыды. Намаз оқып болғаннан соң бір ер адам келіп, шамасы бәдәуи болса керек, Пайғамбарға (с.а.у.): «Уа, Расулаллаһ! Намазда тұрып әуретін ұстаған кісі жайында не айтасыз?» деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ол да сенің денеңнің бір бөлшегі емес пе?!» - деп айтты»[1].

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «ол да денеңнің бір бөлшегі емес пе?» деуі арқылы әурет жерін ұстаған кісінің дәреті бұзылмайтынын білдіруде, әрине, егер әурет жерін ұстауы себепті бір нәрсе бөлінсе, дәрет бұзылары анық.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


[1] Әбу Дәуід: «Сүнән»; Тирмизи: «Сүнән»; Нәсәи.; Ахмед ибн Халбәл: "Мусдан". 

Абдусамат Қасым