Ассаламуғалейкум! Шаш түскен. Соған қазіргі кезде трихопигментация деген әдіспен істеуге болады ма? Яғни шашы бар сияқты көрінеді инемен точкалар істеп береді.
Шаш татуажын (трихопигментация) жасатуға бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Шаш татуажы немесе трихопигментация әдісі атының өзі айтып тұрғандай басқа татуаж жасау болып табылады, яғни, инемен тесіп терінің астына бояу енгізу ісі, нәтижесінде шашы жоқ басқа ұстарамен алынған шаштың образын береді.
Шариғи тұрғыда үкімін айтар болсақ, инемен тесіп денеге сурет салуды (татуировка) және сурет салдырушыны Пайғамбарымыз (с.а.у.) лағынеттеген, яғни, «харам» деген сөз. Шаш татуажы да инемен тесіп сурет салу болып табылатындықтан, дінге қайшы және ол істе кісі үшін зәрулік жоқ. Оның орнына шаш ектіру әдісіне жүгінсеңіз болады.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар