Арақ қойылған тойдан сарқыт әкелінсе, жеуге бола ма?
Арақ қойылған тойдан сарқыт әкелінсе, жеуге бола ма?
1 ай бұрын 4943

Ассаляму алейкүм! Арағы бар тойдан сарқыт алып келінсе, жеуге бола ма? Нияз.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Құрметті сауал жолдаушы, дініміз арақ-шарап ішуді харам етумен бірге, арақ-шарап қойылған дастарханға отырудың өзін тыйған. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұған қатысты былай дегендігі бар:

«Кім Аллаға және ақырет күніне сенетін болса, шарап үлестірілетін дастарханға отырмасын»[1].

Осыдан келіп, арақ-шарап қойылған жиынға баруға және сондай жиында отыруға тыйым салынған.

Бүгінде, тойын арақсыз өткізуші мұсылмандар қатары көбейгендігі мәлім. Бірақ, өкінішке орай, онсыз той өткізбейтіндердің қарасы да аз емес. Алла тауфиқ бергей!

Ендігі жерде, өзіңіз айтпақшы үйдегілер сондай тойдың біріне барып, ол жақтан сарқыт алып келсе, оның үкімі не болмақ?

Арақ-шарап қойылған тойдан әкелінген ас, егер, адал ас қатарынан саналса, әрі, абайсызда арақ төгіліп кетпеген болса, оны жеудің ағаттығы жоқ деген ойдамыз. Мысалы, түрлі тәттілер, бауырсақ т.б. Өйткені, астың өзін алып қарағанда адал ас.

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Имам Тирмизи: «Сүнән».

Абдусамат Қасым