Қалада пәтер жалдап тұрамын. Мен ауылға барғанда жолаушы үкімінде боламын ба?
Қалада пәтер жалдап тұрамын. Мен ауылға барғанда жолаушы үкімінде боламын ба?
3 сағат бұрын 174

Әссалямуалейкум. Егер адамның пропискасы ауылда, бірақ жұмыс барысымен қалада болып, ауылға жылына 3-4 рет 1-2 аптаға барса, ауылда сапар намазы үкімінде бола ма екен?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Шариғатта «негізгі отан» және «уақытша отан» деген түсінік бар.

  • Негізгі отан – туып-өскен ауылы (қаласы) немесе қоныс аударып, тұрақты тұруға бел буған елді мекен.
  • Уақытша отан – жолаушының он бес тәулік не одан көп күн қалуды ұйғарған елді мекені.

Негізгі отан үкімінің жойылуы

Негізгі отан үкімі – басқа бір елді мекенге қоныстанып, сол жерде тұрақтап қалуды ұйғарған кезде жойылады. Ендеше, сіздің жағдайыңызда қазіргі тұрып жатқан қалаңызға орнығып, сол елді мекенде тұрақты тұруды ұйғарған болсаңыз, сіздің «негізгі отаныңыз» сол қала болмақ. Сәйкесінше, ауылыңызға он бес күннен аз уақытқа барған жағдайда жолаушы ретінде намаздарыңызды қысқартып оқи бересіз.

Алайда қалада уақытша тұрып жатқан болсаңыз, қанша жыл тұрсаңыз да, ол қала – уақытша отан үкімінде, ал ауылыңыз негізгі отан үкімінде қала бермек. Бұл жағдайда ауылыңызға кірген бойда жолаушы үкімінен шығып, намаздарыңызды қысқартпай оқисыз.

Әлхәмдулилләһи Раббиль-ғаламин!

 

Абдусамат Қасым