Насыбай атса немесе темекі шексе дәрет бұзыла ма?
Насыбай атса немесе темекі шексе дәрет бұзыла ма?
11 ай бұрын 4870

Насыбаи немесе темекі шегу дәретті бұзады ма? Алдын ала рахмет! Бекмұрат.

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Алдымен айта кету керек, насыбай ату, ең жоқ дегенде «харамға жақын мәкруһ», ал темек шегу харам. Алайда, бұл екі нәрсе дәретті бұзбайды. Өйткені дәретті бұзатын жағдайлар белгілі. Темекі мен насыбай дәрет бұзатын жағдайлардың қатарына жатпайды. Бұл жайында толығырақ сайтымызда жарияланған 1744 нөмерлі жазбамызды оқи аласыздар (нөмерді басыңыз). Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым