Салеметсіздер ме! Менде бір сұрақ бар еді! Шикі етті жеу харам ба? Мен оқығаным бар еді 100 градуста қайнап піспеген етті жеуге болмайды деген. Негізі етті толық пісіріп жемесе, түрлі аурулар жұқтырып алуы мүмкін екен. Сол сияқты піспей кептірілген еттерді де жеуге бола ма, жоқ па? Гүлшәт.
|
Дінде шикі етті жеуге бола ма?
|
Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Дінімізде адал сойылған малдың етін шикідей жеу әркімнің тәбетіне қалған нәрсе, ерікті амал, харам емес. Бүгінде шикі еттен бірнеше ас мәзірі бар. Тіпті кейбір тағамтанушылар піскен етке қарағанда, шикі етте витаминдер көбірек болады дегенді айтады. Алайда, шикі еттен кейбір бактерияларды жұқтыру қауіпі басым болғандықтан, етті шикідей жегеннен гөрі, пісіріп жеген абзал екендігі сөзсіз. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?