Ер кісі өзін әдемі көрсету мақсатында жаттығу залына баруына бола ма?
Ер кісі өзін әдемі көрсету мақсатында жаттығу залына баруына бола ма?
8 жыл бұрын 7896

Әссәләмуғалейкум! Ер кісі өзін əдемі көрсетуі үшін түрлі жаттығулар жасап, бұлшық еттерін өсіріп, денесін əдемі көрсетуі мақсатында спортпен айналысуына шариғатымыз не дейді? Муслим Ислам

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Мұсылман ер кісі жаттығу залына дене бітімім сұлулансын, қыз-қырқынға сымбатты боп көрінейін деп емес, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына бір асыл сөзіне амал етейін деген мақсатта барады: «Қуатты мұсылман, әлсіз мұсылманнан абзал және Аллаға сүйкімдірек...». Сонда оның жаттығуға баруы да ниетіне қарай, сауапты амалға айналмақ.

Осыған орай, мынадай сауал да ойға келуі мүмкін: Некелі зайыбына ұнау үшін де баруға болмай ма?

Өмірлік жары өзінің еріне әдемі көрінуге талпынғаны сияқты, ері де өзінің зайыбына әсем көрінуге тырысуы құптарлық әрекет. Сондықтан да, ері өзінің жарына сұлу болып көрінейін деген мақсатта жаттығу залына барып жатса, онысы күнә емес. 

Абдусамат Қасым