Неге Құранда "екі шығыстың және екі батыстың Раббысы" делінген? Шығыс та, батыс та біреу емес пе?
Неге Құранда "екі шығыстың және екі батыстың Раббысы" делінген? Шығыс та, батыс та біреу емес пе?
4 жыл бұрын 8066

Неге Құранда "екі батыстың және екі шығыстың Раббысы" делінген? Шығыс та, батыс та біреу емес пе?

Сіз айтып отырған аят «Рахман» сүресінде келген. Аятта былай делінеді:

«(Ол) Екі шығыстың және екі батыстың Раббысы. Ендеше сен екеуің Раббыларыңның қай нығметін өтіріксінесіңдер?»[1].

Аталмыш аятта «екі шығыс және екі батыс» деп айтылуының бір мәнін былай деп түсіндіруге болады:

Тұтас жер шарын алып қарағанда, жердің екі күн шығысы бар және екі күн батысы бар. Өйткені, күн шығып жер планетасының жарымы жарыққа бөленіп жатқанда, екінші жағын қара түнек басады. Жердің жарық жағы күннің шығуы мен күннің бату құбылысына куә болып жатқанда, екінші қараңғы жағы күннің шығуы мен бату құбылысынан уақытша мақрұм болады. Қашан, күн ол екінші жарымынан туып бастаған сәтте, күннің бату құбылысы да екінші жағында пайда болмақ. Себебі шығар күннің, батар сәті бар. Аталмыш аятта жер шарының әр күні "екі күн шығысына" және "екі күн батысына" куә болуда екендігінен хабар бергісі келіп тұрғандай.

Ол аяттағы «екі шығыс» сөзін – жаз мезгіліндегі шығыс пен қыс мезгіліндегі шығыс, ал «екі батыс» сөзін болса – жаз кезіндегі батыс пен қыс кезіндегі батыс деп жорамал жасаған тәпсіршілер де бар. Ең дұрысы - Аллаға аян!


[1] Құран Кәрім: «Рахман» сүресі, 17-18 аяттар.

Абдусамат Қасым