"Мен атеистпін" деп айтқан мұсылман діннен шыға ма?
"Мен атеистпін" деп айтқан мұсылман діннен шыға ма?
8 ай бұрын 2711

"Мен атеистпін" деп айтқан мұсылман діннен шыға ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Ескілікті Ханафи ғалымдары кітаптарында былай деп жазып кеткен: «Бір мұсылман «мен - атеистпін» десе, ол кәпір болады, тіпті «мен олай деудің күпірлік боларын білмедім» деуі ол үшін үзір саналмайды»1. Сондықтан да, ойнап болса да ондай діннен шығарар сөздерді айтудан сақтанған жөн.

«Мен атеиспін» деп айтқан мұсылман тәубеге келуі тиіс, ендігәрі олай айтпауға бекініп, тілін кәлимаға келтіруі шарт және екі рәкәғат тәубе намазын оқып: "Лә иләһә иллә әнтә, сүбхәнәкә инни кунту миназ-золимин" деген дұғаны айтып, Құдайға жалбарынғаны абзал. Алла Тағала пенденің тәубесін қабыл етеді.


1«әл-Фәтәуә әл-Һиндия»; «әл-Бәхрур-Роиқ» т.б.

Абдусамат Қасым