Ассаламуғалейкум! Марқұмды жуындырған сумен әйелдің омырауын сүрту дәстүрі шариғатқа теріс пе? Нурлыбек Сабыргалиев.
|
Мәйітті жуған сумен әйелдің омырауын сүрту дәстүрі бар екен. Бұған дін не дейді?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
«Қазақ ырым етер, ырымы кейде қырын кетер» деген өнегелі сөз бар. Сіз айтып отырған дәстүр де осындай негізсіз ырымдардан туған дүние болса керек.
Мәйітті жуған сумен денені сүрту дінде жоқ әрекет. Олай жасауға болмайды. Оның үстіне, мәйітті жуғаннан қалған су – лас су саналады. Имам Мұхаммед (р.а.) «Мәйіт жуылған су – нәжіс» деген[1]. Лас суды денеге жағуға рұқсат жоқ.
[1] Имам Мұхаммед: Әл-Асл.; Раддуль Мухтәр.
Өзекті сұрақтар
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?
■
Пайғамбарды түсінде көрген адамдар да «сахаба» болып есептеле ме?
■
Жатыр түтігін байлату: шариғат бұған не дейді?