Шашы ұзын әйел ғұсылда не істейді?
Шашы ұзын әйел ғұсылда не істейді?
10 жыл бұрын 6718

Әйел адам ғұсыл алғанда шашы ұзын болса, не істейді?

Абдуррахман Алпамыс ұлы.

Ғұсыл алу барысында, судың әйел кісінің шашының түбіне жетуі жеткілікті. Ұзарған шашының бәрі жуылуы шарт емес[1] дейтін ғалымдар бар. Бұл жайында Пайғамбарымыздың (с.а.у) жұбайларының бірі Үмму Сәләмә (р.а) былай дейді:

 «Мен Алла елшісінен: Уа Расулалла! Шашымды қатты қылып өріп қоямын. Жүніп болған себепті ғұсылданатын болсам, тарқатуым керек пе?, – деп сұрадым. Сонда Алла елшісі: «Жоқ. Басыңа үш рет су құйюың жеткілікті. Кейін дененің барлық жерін  жуасың. Осылайша тазарған боласың (жүніптіктен)»[2], – деп жауап берді.  


[1] Әл-Хидая.
[2] Муслим, Бәбу Хукми Дафаир, №330 бет.

Абдусамат Қасым