Жұдырықтасып төбелесу ресми спорт түрі болып бекітілді
Жұдырықтасып төбелесу ресми спорт түрі болып бекітілді
8 күн бұрын 507 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының спорт министрлігі жалаң жұдырықпен төбелесуді өз алдына жеке спорт түрі ретінде тіркеді. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұдырықтасып төбелесу департаменті Бокс федерациясының құрамында ашылады. Атылмыш спорт түрі бойынша алғашқы жарыс желтоқсан айының 1-і күні басталады. Кәсіби бокстағы секілді жұдырықтасып төбелесуде де допингтік бақылау жүйесі әрі жарыс кезеңдері болады. Спорттың бұл түрі бойынша бағын сынағысы келетіндер рингке айына тек бір мәрте шыға алады. РФ Бокс федерациясының жетекшісі Кирилл Щекутьевтың айтуынша, жұдырықтасып төбелесу соңғы екі-үш жылда кеңінен қанат жайып келеді. Осы тенденцияны одан ары дамытуды өн көргендерін жеткізді. Бокстағы секілді бұл спорт түрінде де жарысқа қатысушылардың салмағы мен бойы өлшенеді, медициналық регламент енгізіледі, чемпион титулы енгізіледі. Сөз орайы келгенде Ресей аумағында жалаң жұдырықпен төбелесуді өткізетін бірнеше ұйым барын айта кетпекпіз. Солардың арасындағы ең танымалы Top Dog және Hardcore клубтары.

0 пікір
Мұрағат