Орманның оталуынан өлім-жітім көбейіп келеді
Орманның оталуынан өлім-жітім көбейіп келеді
2 жыл бұрын 1945 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Орманның оталуынан және жаһандық жылынудан Индонезияның Берау өңірінің ауа температурасын Целсия бойынша 1 градусқа көтеріп жіберген. Бұл жайт өз кезегінде аталған аймақтағы өлімітім көрсеткішін сегіз пайызға арттырған. Бұл жайында islam.kz порталы осындай тұжырымға келіп отырған Nature Conservancy экологиялық ұйымы мамандарының зерттеу материалы жарияланған Lancet Planetary Health мерзімді басылымы мен Phys.org баспасөз релизіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта 2002-2018 жылдар аралығында Индонезияның Шығыс Калимантан провинциясына қарасты Берау өлкесіндегі орманның қанша аумағы кетілгенін спутниктен алынған мәліметке қарап анықтаған. Содан соң олар осы өзгеріске байланысты айналдырған 16 жыл ішінде аталған аймақтағы ауа температурасының Целсия бойынша тұтас 1 градусқа көтеріліп кеткеніне көз жеткізген. Орманы дін аман өзге өлкелердегі ауа температурасы бір қалыпты. Дәлірегі, аталған елдің шығысындағы ауа температурасы салыстырмалы түрде тұрақтылығынан айырылмаған. Бераудағы орманның 4375 шаршы шақырым аумағы оталған - 2002-2018 жылдар аралығында, нәтижесінде ауа температурасы 0,95 градусқа көтерілген.. Нәтижесінде ашық аспан астында қаупсіз жұмыс істеу уақыты күніне 20 минутқа қысқарған. Климаттық модел бойынша жасалған болжам негізінде ауа температурасы индустриялық кезеңге дейінгі деңгеймен салыстырғанда Целсия бойынша үшградусқа кқтерілер болса, онда жылына шамамен 260 адам ажал құшады. Индонезия тропикалық орман алқабы бойынша әлемде үшінші орында тұрған ел. Алайда, ауыл шаруашылығы өсімдіктері егетін егістік алқабы, мал шаруашылығына арналған жайылым, қазбалы байлық өндіру, орман шаруашылығына ағаш алу секілді экономикалық факторлардан Индонезиядағы тропикалық орманның аумағы күрт азайып келеді. Global Forest Watch ұйымының келтірген мәліметіне қарағанда, 2001 жылы ел аумағында 93,8 млн гектар, яғи, Мысыр аумағындай ит тұмсығы батпайтын ну жыныс орман болған, 2020 ылы бұл алқап 10 пайызға дейін кішірейген.

0 пікір
Мұрағат