ҰБТ-2016: қайта тапсыруға өтініштер 1-8 тамыз аралығында қабылданады
ҰБТ-2016: қайта тапсыруға өтініштер 1-8 тамыз аралығында қабылданады
8 жыл бұрын 2658 24.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуде қажетті балл жинай алмаған түлектерге қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-8 тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деді Л.Бөлебаева. 2016 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы жайлы айтар болсақ, ҚР БҒМ мәлімдегендей, биыл республика бойынша орташа көрсеткіш - 81,2 балды құрап отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 79,4 балл болатын. «Байқағанымыздай, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 балға артқанын көріп отырмыз. Бұл мектептердегі білім беру қызметінің және түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге ынтасымен байланысты. Ең жоғары 125 балды биыл 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 балдан астам жинаған балалар саны 20% немесе 16565 түлек», - деді Л.Бөлебаева. Жалпы оның мәліметінше, ағымдағы жылғы 121 мың бітірушінің ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 мың түлек өтініш берген. Оның ішінде қазақ тілінде – 83330, ал 23984 бала орыс тілінде оқығандар. Тестілеуге 84079 мектеп бітіруші қатысты. «Тестілеу барысында шекті 50 балды 14252 түлек жинай алмады. 52982 баладан тыйым салынған заттар табылды. Жалпы ҰБТ ұйымдасқан деңгейде өтті», - деді Л.Бөлебаева. Оған қоса, «Алтын белгiні» биыл ҰБТ-ға қатысқан 4768 үміткердің 50%-ы растай алды.

0 пікір
Мұрағат