Ауылдық жерлерде бизнесті қолдайтын орталықтар ашылмақ (видео)
Ауылдық жерлерде бизнесті қолдайтын орталықтар ашылмақ (видео)
8 жыл бұрын 2781 24.kz kapital.kz

Ауылдық жерлерде бизнес орталықтары ашылады. Осы мақсатта 1 млрд теңге бөлінген. Кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов осындай ақпаратпен бөлісті. Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы: - Агроөндірістік кешеннің екінші бағыты – кооперациялар құру. Бүгінгі таңда палата ықпалымен 170-ке жуық кооператив құрылды. Оның 75 %-ы мал шаруашылығында болса, 25%-ы өсімдік шаруашылғында. 5 мыңнан астам шаруашылық иелері қатысты. Біз бұл істі әлі де дамытуды көздейміз. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дәстүрлі съезінде атқарылған жұмыс нәтижесі де, кәсіпкерлікке кедергі тудыратын түйткілдер де сөз болды. Әсіресе өнімді саудалайтын нарық саны қысқарғаны, себепсіз тексерулердің саны азаймай тұрғаны ерекше талқыланды. Алқа төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлерге тыным бермейтін мекемелердің әрекеті қаншалықты орынды екенін білу үшін тексерулерге жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді ұсынды. Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы: - Қазақстанда бақылайтын, тексеретін 61 орган бар екен. Оның 45-і орталық органдар. Ең көп сауалдар салықтық тексерулерге қатысты туындады. Мемлекеттік органмен, салық инспекциясымен соттасу оңай шаруа емес. Сондықтан біз сотқа жеткізбей, мәселені шешетін комиссия құруды ұсынамыз. Каржы министрлігі жанынан апелляциялық комиссия құрылса, өте пайдалы болар еді.

 

0 пікір
Мұрағат