|
Сенатор ауыл имамдарына жалақы төлеуді ұсынды
|
Сенатор Мұрат Бақтиярұлы жуырда Ақтөбе қаласында болған терактіден сабақ алу керектігін айта келіп, халқымыздың рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген имамдарға жалақы төлеуді ұсынды. «Имамдардың сауатын арттыруға айрықша назар аудару қажет. Олардың тек діни ілімін арттырып қоймай, дүниеуи білім алуына да жағдай жасау керек. Аудандық және ауылдық имамдар мен молдаларға жалақы төлеу жүйесін қолға алатын уақыт жетті. Еліміздегі дәстүрлі дінімізге қауіп төндіретін сайттардың жауапкершілігін арттыру қажет», - деді ол.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды