Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
3 жыл бұрын 1658 halaldamu.kz
МАҢҒЫСТАУ ОБЛ.: АЛҒАШҚЫ ХАЛАЛ ШҰЖЫҚ 

Маңғыстау облысында алғашқы халал шұжық цехы сертификатталды. "КЕРЕМЕТ FOOD" кәсіпорнының шұжық және мұздатылған жартылай дайын өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. Сертификатты Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы мен жергілікті инспектор-контролер Мажит Айтқожаев табыстады.

"КЕРЕМЕТ FOOD" өңіріміздегі "QMDB Halal" сертификатына ие болған алғашқы шұжық цехы. 2016 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ашылып, 2021 жылы Ақтау қаласында өз жұмысын жалғастырған шағын цех күніне 1 тонна шұжық өндіреді. Бұл халал өнімді тұтынушы жергілікті халық үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі күні шұжық цехы "Керемет Food", "Олжа", "Адал ет", "Атамекен" сауда белгілерімен шұжықтың 15-ке жуық түрін өндіреді. Жергілікті бақылаушы өкіл мен технологтар өндіріс аумағында бақылау қадағалау-шараларын өткізіп, тиісті өнімдерге зертханалық сынақ жүргізілді. "Керемет Food" шұжық цехы еліміздің маңғаз Маңғыстауындағы отандық жас кәсіпорындардың бірі. Отандық халал кәсіпорындарды қолдау – ел экономикасын арттыруға, халал индустриясын дамытуға бағытталған батыл қадамдардың бірі", – дейді Әнуар Ізімбайұлы.

Жергілікті халықтың оң бағасын алған "Керемет Food" шұжық және жартылай дайын өнімдеріне берілген "QMDB HALAL" сертификаты 26.08.2021-25.08.2022 мерзімі аралығында жарамды. "Керемет Food" өнімдерінің "QMDB HALAL" стандарты талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

АЛМАТЫ Қ.: "CTR CHIKEN" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

"CTR Chiken" фаст-фуд өнімдерінің Алматы қаласындағы цехы мен үш сату орны "QMDB Halal" сертификатына ие болды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев табыстады. "CTR Chiken" фаст-фуд өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай сертификатталды. 

"Құранда және хадистерде бұйырылған "халал" ұғымына қазақ халқы қашанда ерекше мән беріп, ата-бабаларымыз Алланың ақ жолынан жаңылмаған. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүміндерге мейлінше харамнан сақтану керектігін өсиет еткен. Сондай-ақ, харам нәрселерді пайдалануда адамның ақиреті мен дүниесіне тиетін зияны мен қауіпі барын ескертіп, харамнан бойын сақтаған адамның екі дүниенің нығметіне кенелетінін сүйіншілеген. Бүгінгі азық-түлік өнімдерінің сан алуан түрін табуға болатын заманда ішкен-жегенімізге аса ұқыптылықпан қарағанымыз жөн. Халыққа халал ас ұсынып, ел және ұлт болашағы үшін алаңдатушылық танытқан сіздерге Алла разы болғай! Адал кәсіптеріңіз жандана берсін!", – деген Төлеби Оспан "CTR Chiken" кәсіпорнына ризашылығын білдірді.

"1996-2011 жылдар аралығында Еуропаның қақ ортасында 17 фастфуд дүкенін ашқан "CTR Chiken" кәсіпорнының құрылтайшылары 2018 жылы Қазақстанмен франчайзинг туралы келісімшартқа қол қойып, өз жұмысын бастайды. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлеріндегі "CTR Chiken" фаст-фуд дәмханалары "QMDB Halal" стандартына сай сертификаталуда. Алматы қаласындағы "CTR Chiken" фаст-фуд өнімдерін сертификаттау барысында өндіріс орнында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қолданыстағы шикізаттары мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан тексерілді. Толыққанды аудит жұмыстарынан кейін біздің кәсіпорын халал талаптарына толықтай сай деп танылды. Бектілген халал стандарт талаптары мен "QMDB Halal" таңбасына лайықты түрде жұмыс жасайтын боламыз!"– деген "CTR Chiken" өкілі діни басқарма мен "Халал Даму" ұжымына алғысын білдірді.

0 пікір
Мұрағат