Әлеуметтен қол үзіп қалу қарттарға қауіпті болып шықты
Әлеуметтен қол үзіп қалу қарттарға қауіпті болып шықты
3 жыл бұрын 1555 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар анықтағандай, әлеуметтік оқшаулану қарттарға ауыр тиетін болып шықты. Дәлірегі, жансақтау бөліміне түскен қарттардың дені не кемтар болып қалады немесе дүниеден баз кешіп, ақтық сапарға аттанып жатады. Яғни, отбасынан немесе шүйіркелесіп жүрген достарынан көз жазып қалған қарттар үшін бұл психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып табылады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған JAMA Internal Medicine мерзімді басылымына сілтеме асай отырып мәлім етеді. Йел және Мэрилен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары 2011-2018 жылдар аралығында жансақтау бөліміне ауыстырылған, жасы 66-102 аралығындағы 997 пациенттің денсаулығы туралы деректерді сараптаған екен. Бұл тараптағы зерттеуге қатысқандардан олардың әлеуметтік өзара әрекеті турасында, дәлірегі, отбасымен арақатынасы, достарымен араласуы, қоғамдық шараларға атсалысуы , т.б. сауалдар қойылған. Әлеуметтік оқшаулану деңгейі бірден алты балға дейінгі шкала бойынша өлшенді. Әлеуметтік оқшауланудың орташа балы үшке тең деп белгіленді. Анықталғандай, әрбір қосымша балл мүмкіндігі шектеулі жанға айналдыру қатерін жеті пайызға арттырады, ал өлім қатерін – 14 пайызға. Әлеуметтен оқшауланған қарттардың жансақтау бөліміне түскеннен соң бір жылдан кейін мүгедек болып қалу қатері 50 пайызға, ал бір жылдан соң өліп кету қатері 119 пайызға артып шыға келген. Әлеуметтен оқшаулану уақыты ұзаққа созылған үш адамға шаққанда біреуі жазылып емханадан шыққан соң үш жылдан кейін дүниеден озған. Бұл көрсеткіш орташа деңгейден үш-бес есе жоғары екенін алға тартып отыр ғалымдар. Қартайған адам ажалды көп ойлайды, уайымы ұлғаяды, ал адамдармен араласу бұл ойлардан уақытша арылтып, өмірге құлшынысын арттырады.

0 пікір
Мұрағат