Тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, биохимиялық тұрғыдан тәуелді ететін азық түрі аталды
Тек психологиялық тұрғыдан ғана емес, биохимиялық тұрғыдан тәуелді ететін азық түрі аталды
29 күн бұрын 415 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тәтті – адамды өзіне тәуелді ететін ең қауіпті азық ретінде танылды. Ал ол маймен араластырылса (мысалы, торттың креміндегі), оның адамды өзіне тәуелді ететін қаупі бірнеше есеге артып кетеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде тағам технологы Аамир Манан Даваға жөн сілтеген НТВ ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта эүргізілген тәжірибе барысы Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының (NCBI) сайтында (ncbi.nlm.nih.gov) жарияланған. Аталмыш зерттеу аясында ғалымдар кеміргішке тәжірибе жүргізген екен: алғашқы тобына зертханадағы жануарларға тән азық берілген, ал екіншісіне қосымша құнарлығы жоғары майлы тағамдар (шұжық, бекон, чизкейка, т.б.) берілген. Алайда, мұндай майлы тағамдар күніне тек бір сағатқа қана берілген. Үшінші топтағыларына құрамында май мен қант мөлшері көп азықтар ұсынылған. Артынан белгілі болғандай, соңғы топтағылар екі есе салмақ қосқан. Бұдан бөлек, есірткі қолданған тіршілік иесіне тән мінез көрінісі мен физиологиялық өзгеріс байқалған. Кеміргіштер майлы әрі қанты көп тағамдарға тәуелді болғаны сонша, оларды ток соқытырп үркітпек болса да тағамнан бас алмаған. Осы жылдың қаңтар айында Зухра Павлова есімді ресейлік эндокринолог дәрігер тағамның тәуелділікті қалай тудыратынын айтып берген еді. Оның сөзіне қарағанда, тек дұрыс тамақтанбаудан, соның ішінде, құнары жоғары тағамдарға әуес болу, ауқаттану режимін сақтамау, т.б. факторлар ғана әсер етіп қоймай, сонымен қатар, адамның психологиялық ауытқуы да тағамға тәуелді ететінін алға тартқа еді.

0 пікір
Мұрағат