Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
41 минут бұрын 26 halaldamu.kz
АҚТӨБЕДЕ ТАҒЫ ЕКІ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРНЫ «ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫНА САЙ ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Апорт» асханалар желісі мен «Girex» стритфуд желісі ҚМДБ-ның «Халал» куәлігіне ие болды

Ақтөбе қаласындағы «Апорт» асханалар желісі мен «Girex» стритфуд желісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» куәлігіне ие болды.

Аталған қоғамдық тамақтану орындарының өндірістік үдерісі, шикізаттың шығу тегі, тағамдарды әзірлеу технологиясы, санитарлық талаптардың сақталуы және қызмет көрсету жүйесі «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы тарапынан жан-жақты тексеріліп, ҚМДБ бекіткен халал стандартының талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды.

«Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.

ҚМДБ-ның «Халал» куәлігін табыстау рәсімі қасиетті жұма күні өтті. Куәліктерді Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Сәдиев және «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әли салтанатты түрде табыстады.

СҚО-ДА «QYZYLZHAR QUS» КУӘЛІК АЛЫП, «ERKE QUS» ҚҰС ФАБРИКАСЫ КУӘЛІГІН ЖАҢАРТТЫ

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Якорь ауылында орналасқан «Qyzylzhar Qus» жұмыртқа өндірісі «QMDB HALAL» куәлігіне ие болды.

Сонымен қатар, «ERKE QUS» құс фабрикасы «QMDB HALAL» куәлігін сәтті жаңартты.

Кәсіпорындарда өндірістік үдерістер мен технологиялық кезеңдер «QMDB HALAL» стандарты талаптарына сәйкес сарапталып, өндірісте қолданылатын шикізат, өндіріс барысы және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы жан-жақты тексерілді.

Сараптама нәтижесінде «Qyzylzhar Qus» кәсіпорнына «QMDB HALAL» куәлігі табысталып, «ERKE QUS» құс фабрикасының қолданыстағы куәлігі жаңартылды.

«Халал Даму» мекемесі халал стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету және тұтынушыларға сенімді әрі сапалы өнім ұсыну бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

0 пікір
Мұрағат