Қырғыздар хижабқа ұлттық киім мәртебесін беруі мүмкін
Қырғыздар хижабқа ұлттық киім мәртебесін беруі мүмкін
39 минут бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғызстан парламентінің (Жогорку Кенеш) күн тәртібіне хижабты (мұсылман орамалын) республика халқының ұлттық киімі деп тану мәселесі шығарылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «7 арнаға» жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бастамашылардың айтуынша, Қырғызстан тұрғыны ежелден басын заманауи хижабқа ұқсас орамалмен жауып келген. Бастаманың қолдау қаншалықты қолдау табатынын уақыт көрсетеді. Десе де қазірдің өзінде бұл мәселе шариғат шәлісінің ұлттық киіммен теңестірілуі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жақтаушылар хижабтың да ұлттық киімнен айырмасы жоғын, яғни, әйел адамның басын бүркейтінін алға тарса, наразылық білдірушілер хижабтың таза діни атрибут екенін сөз етуде. Осы орайда 2025 жылдың ақпан айының 1-нен бастап қырғыз жерінің аумағында адамның бет-жүзін тұмшалайтын киімдерге, соның ішінде ниқабты пайдалануға толық тыйым салынғанын айта кетпекпіз. Заң жүзінде. Қоғамдық орындардың қауіпсіздігі үшін. Осы заң негізінде қоғамдық орындарда бет-жүзін тұмшалағандарға 20 мың сом (шамамен 230 жоллар) шамасында айыппұл салынады.

0 пікір
Мұрағат