Спутникті орбитаның өзінде істен шығара алатын микротолқынды қару пайда болды
Спутникті орбитаның өзінде істен шығара алатын микротолқынды қару пайда болды
34 минут бұрын 17 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің (NUDT) білікті мамандары қуаты 100 ГВт-тан да жоғары, яғни, аса қуатты микротолқынды қарудың жаңа буынын құратынын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы High Power Laser and Particle Beams мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар Қытайдың импулстік қуат технологиясына инвестициясының артқанын мәлімдеді. Инвестиция кез келген ғылыми жаңалықтың ашылуына ықпал етеді, технологияның жетілуін тездетеді. Осындай жүйелердің ішінен ғалымдар бір платформаға бірнеше импулстік генераторларды біріктірген қуаты 100 ГВт микротолқынды қаруды бөліп алды. Егер импулстік қоректендірудің жалғыз-жарым драйверлерінде пайдаланылатын энергияның  деңгейін неғұрлым шектейтін техникалық тосқауылдар (мысалы, оқшаулау проблемасы) болса, онда «бірнеше ықшам модулді синхрондау әрбір құрылғыға мейлінше тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді». Осы принципті басшылыққа алдған еді қытай ғалымдары. Нәтижесінде NUDT ұжымы 100 ГВт болатын, яғни, аса қуатты, толығымен қатты денелі импулстік жүйені әзірлей алды. Оның тиімділігіне келетін болсақ, мысалы, төмен орбиталы спутниктерге кедергі жасау немесе олардың электрондық жабдықтарын істен шығару үшін қуаты 1 ГВт импульстер жеткілікті. Қуаттылық 100 есе артқан жағдайда Starlink сияқты тұтас жерсеріктік топ жойылу қаупіне ұшырауы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат