Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 сағат бұрын 36 halaldamu.kz
АҚТӨБЕДЕ ТАҒЫ ЕКІ ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРНЫ «ХАЛАЛ» СТАНДАРТЫНА САЙ ДЕП ТАНЫЛДЫ

«Апорт» асханалар желісі мен «Girex» стритфуд желісі ҚМДБ-ның «Халал» куәлігіне ие болды

Ақтөбе қаласындағы «Апорт» асханалар желісі мен «Girex» стритфуд желісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» куәлігіне ие болды.

Аталған қоғамдық тамақтану орындарының өндірістік үдерісі, шикізаттың шығу тегі, тағамдарды әзірлеу технологиясы, санитарлық талаптардың сақталуы және қызмет көрсету жүйесі «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы тарапынан жан-жақты тексеріліп, ҚМДБ бекіткен халал стандартының талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды.

«Халал Даму» орталығының Ақтөбе облысы бойынша технолог маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді.

ҚМДБ-ның «Халал» куәлігін табыстау рәсімі қасиетті жұма күні өтті. Куәліктерді Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Сәдиев және «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Алмат Әли салтанатты түрде табыстады.

0 пікір
Мұрағат