|
Дубайда Құран оқитындарға арналған жаңа жүлде маусымының басталғаны жарияланды
|
Біріккен араб әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі және Дубай билеушісі, жоғары мәртебелі шейх Мұхаммед бен Рәшит әл Мақтұм қасиетті Құран оқушыларына арналған халықаралық сыйлықтың жаңа маусымының басталғанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, халықаралық байқау әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік Құран оқушыларын жинап, олардың жетістіктерін атап өтіп, діндарлар мен жамағатқа қасиетті Рамазан айында оларды тыңдауға мүмкіндік береді. Шейх Мұхаммед Дубайдың 29 жылдан бері Құранның толық мәтінін жаттап алған хафиздерге құрмет көрсету игі бастамасын сақтап келе жатқанын атап өтті. Қасиетті Құран бойынша Дубайдың халықаралық сыйлығы әмірліктің ежелгі діни және мәдени бастамаларының бірі ретінде алға шығады. Жыл сайын оған әлемнің ондаған елінен оқырмандар мен хафиздер қатысады, ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Құран түскен қасиетті Рамазан айында өтеді