|
Қытай ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
|
Қытай алғаш рет зымыран тасығышты теңіздегі қону алаңына қайтару жүйесін сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлады 24.kz
Миссия Хайнань аралындағы коммерциялық ғарыш айлағында жүргізілді. Ғарышқа ұшырылған соң «Ұлы жорық» зымыранының бір бөлігі бөлініп шығып, жағалауға жақын жердегі қалқымалы платформаға қайта қонған.
Ғарышты игеру саласындағы бұл жетістік шығыстағы көршімізді SpaceX пен Blue Origin сияқты нарықтағы жетекші компаниялардың деңгейіне бір қадам жақындата түсті.
Айта кетейік, биыл ақпан айында Бейжің дәл осындай сынақ өткізген. Алайда, сол кезде зымыран платформаға жете алмай, теңізге құлаған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті