Хаалал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Хаалал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 612 halaldamu.kz
АҚТӨБЕДЕ БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қасиетті Жұма күні Ақтөбе қаласында «Миндаль» кондитерлік өнімдері мен жартылай дайын өнімдері алғаш рет «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сонымен қатар, «Samal Cakes» және «Balgyn Tort» кондитерлік өнімдері мен «Jungle Park» қоғамдық тамақтану орны қайта сертификаттаудан өтті.

Сертификаттау үдерісі барысында технолог маман Ақмаржан Ержанқызы өндіріс орындарында толық тексеру жұмыстарын жүргізіп, барлық шикізат пен өнімнің халал стандарттарына сай екенін растады. Тексеру оң нәтиже берген соң, кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

Ресми табыстау рәсімі жұма намазына жиналған жамағат алдында өтті. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Әли Алмат кәсіпкерлерге сертификаттарды салтанатты түрде табыс етіп, халал индустриясының маңыздылығы туралы атап өтті. Халал саласындағы сапалы стратегиялық бағдарламалардың нәтижесінде өңірде халал кәсіпорындардың саны артып, тұтынушыларға адал әрі таза өнімдер ұсыну мүмкіндігі кеңеюде.

«JUNGLE PARK» ЖӘНЕ «TAGA» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласында орналасқан «Jungle Park» ойын-сауық кешенінің дәмханасы мен «Taga» жартылай дайын өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай қайта сертификаттаудан өтті. Сертификатты «Халал Дамудың» Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі, технолог маман Ақмаржан Ержанқызы табыстады.

Кәсіпорындардың қайта сертификатталуы алдында жан-жақты бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Тексеру барысында өндіріс орындарының тазалығы, шикізаттардың құрамы және тағамдық қоспалар мұқият зерттелді. Жергілікті технолог мамандардың тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың «QMDB Halal» стандартына толық сәйкес екендігі анықталды.

Сертификатқа ие болған «Jungle Park» дәмханасы мен «Taga» кәсіпорындары алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болады. Олардың өнімдерінің халал талаптарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында ай сайын жоспарлы аудиттік тексерулер жүргізілетін болады.

«TABA NAN» ЖӘН «ЭЛЬ-ДЕНИЗ» КӘСІПОРЫНДАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкент қаласындағы «Taba Nan» нан өнімдері және Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында орналасқан «Эль-Дениз» сүт өнімдері сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев кәсіпорын аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, халал сертификатын табыстады.

Сертификаттау барысында өндіріс орындарының шикізат құрамы, өнім дайындау технологиясы, сақтау шарттары және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі жан-жақты тексерілді. Барлық талаптарға сай екендігі анықталғаннан кейін, кәсіпорындарға ресми халал сертификаты табысталды.

Сонымен қатар, «Халал Даму» өкілі Қазбек Сарыбаев кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығы, шариғат талаптарына сай өнім өндірудің ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кәсіпорын басшылығы адал өнім өндіруді басты міндет деп санайтындықтарын жеткізіп, алдағы уақытта да халал талаптарын қатаң сақтайтындықтарын атап өтті.

Осылайша, тұтынушылар енді «Taba Nan» және «Эль-Дениз» өнімдерін сенімді түрде пайдалана алады. «Халал Даму» ұжымы кәсіпорындардың халал талаптарына сәйкестігін тұрақты бақылауда ұстайтын болады.

0 пікір
Мұрағат