Cаудия билігі қажылыққа балаларды ертіп келуге тыйым салды
Cаудия билігі қажылыққа балаларды ертіп келуге тыйым салды
1 ай бұрын 1526 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрлігі биылғы қажылық маусымында қажыларға балаларды өзімен бірге ертіп келуге рұқсат берілмейтінін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудия билігі мұндай қадамға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барып отыр. Өйткені, қажылық кезінде қажылардың кептелісінен жаншылып өлу қатері жоғары. Бұдан бөлек, аталмыш министрлік қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қабылдайды. Соның ішінде қасиетті мекенде қажылардың кептелісін болдырмау үшін орын ауыстыру, бағыттау үшінн зияткерлік жүйе қолданылады. Бұған қоса, шатырлы лагер инфрақұрылымын жетілдіру, т.б. шаралар қолға алынады. Бұл жолы да қажылық маусымында бұрын қажылығын өтемегендерге, яғни, алғаш рет қасиетті парызын өтейтіндерге артықшылықтар берілетін болады. 2025 жылғы қажылық маусымына тіркелу ресми түрде ашық: Сауд Арабиясының азаматтары мен резиденттері үшін Nusuk қосымшасы және ресми онлайн-портал арқылы тіркелуге болады.

0 пікір
Мұрағат