Саудия шетелдік білікті мамандарды тартып жатыр
Саудия шетелдік білікті мамандарды тартып жатыр
1 ай бұрын 804 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото eatnstays.com

Сауд Арабиясы осы уақытқа дейін техникалық саладан 685 шетелдік білікті маман мен ғалымға елде тұрудың ерекше рұқсатын берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның байланыс және ақпараттық технология министрлігінің мәліметінше, ұзақ мерзімге арналған елде тұру рұқсаты арнайы бағдарлама аясында беріледі. Ел экономикасын әртараптандыруға және технологияны дамытуға қатысты тақ мұрагерінің реформасы бойынша қабылданған аталмыш бағдарлама аясында берілген мұндай рұқсатнама берілгендердің салалық құрамына келсек 5G технологиясының үлесі - 16%; бұлтты сервис сарапшыларының қарасы - 15%; жасанды зерде мамандары - 12%. Щетелдік білікті мамандар негізінен денсаулық сақтау саласын, білім беру саласын, цифрлы технология саласын дамыту үшін тартылып отыр. Осындай айрықша виза алғандар арасында Америка құрама штаттарының, Ұлыбританияның,Австралияның, Германияның, Бразилияның, Пәкістанның, Үндістанның, Мысырдың азаматтары бар. Арнайы тұруғарұқсатнама компьютерлік және денсаулық сақтау саласының мамандарына ай сайынғы табысына байланысты ел аумағында бес жылға дейінгі мерзімге тұруға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар өз отбасыларын елге әкелуге, бизнес ашуға және жылжымайтын мүлікке ие болуға құқылы.

0 пікір
Мұрағат