БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕГІ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ (ВИДЕО)
БАС МҮФТИ АҚТӨБЕДЕГІ ОҚИҒАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3135 muslim.kz
Қасиетті Рамазан айына санаулы ғана сағаттар қалған сәтте Ақтөбедегі қанды оқиға күллі қазақ жұртының жағасын ұстатты. Алла Тағаланың рахымына ие болып, сансыз сауапқа кенелетін берекелі айдың берекесін қашырған қандықол қарақшылардың қылығы адамгершіліктен алыстап, мұсылмандығыңа пысқырмайтындардың тірлігі екенін айғақтайды. Бейбіт күнде қолына қару алып, қан төккен қаныпезерлердің әрекеті халық арасында қызу талқылану үстінде.

Жайбарақат күнде жай түсіргендей әсер еткен оқиғаға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазы алдында өз пікірін білдірді. Шынайы мұсылманның өзгеге қолы түгілі, тілімен зиян тарқызбайтынын айтып өткен Бас мүфти нақақтан қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. Осынау қасиетті айда еліміз бен жеріміздің тыныштығынан айырып, дүрбелең туғызуды көздеген жат пиғылдардан сақтауын сұрап дұға етуге шақырды. Айта кетейік, Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде 4 содырдың көзі жойылып, 7-еуі қолға түсті. Оның екеуі жараланған. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев хабарлады.

«Нақтыланған деректер бойынша, қылмыскерлер Астана уақыты бойынша 15:45-те Ақтөбедегі «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, дүкеннің сатушысын және «Жедел Күзет» күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген. Бұдан бөлек оқиға орнына келіп жеткен үш  полицейге оқ атып, жарақаттаған. «Пантера» атты қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасау кезінде келушілердің бірін өлтіріп, екіншісін жаралаған. Бұл жерге келіп жеткен полиция нарядымен арада атыс болып, үш қылмыскердің көзі жойылды, біреуі қолға түсті.

Ұлттық ұлан әскери бөліміне шабуыл жасау үшін содырлар бағдарлық автобусты жүргізуші мен жолаушыларды шығарып жіберіп, басып алған. Кейін автобуспен әскери бөлім дарбазасын соғып кіріп, көзге көрінген адамды ата бастаған. Солайша үш әскери қызметкерді өлтіріп, алтауын жаралаған. Кезекші қарауыл қару қолданып, қылмыскерлердің бетін қайтарған. Оқиға орнына жеткен полиция нарядымен бірлесе олар бір содырды өлтіріп, екіншісін жаралаған және қолға түсірген.

1 пікір
  • Қазақ еліне жақсы тірлік керек болса, бір-бірімізді алауыздатпайтын бірлік керек...
    8 жыл бұрын
Мұрағат