Мұсылмандарға арналған краудфандинг жаңа мүмкіндіктер сыйлайды
Мұсылмандарға арналған краудфандинг жаңа мүмкіндіктер сыйлайды
8 жыл бұрын 2989

Ұлыбританияда халықаралық краудфандинг платформасы мұсылмандар үшін "Halallauncher» сервисін іске қосты. Краудфа́ндинг — өзге адамдардың немесе өзге ұйымның (реципиенттердің) талпынысын қолдау мақсатында ғаламтор арқылы қаржысын немесе өзге де ресурстарды өз еріктерімен біріктіретін адамдардың (донорлардың) ұжымдық ынтымақтастығы. «Halallauncher» негізін қалаушылар платформада тек халал жолмен келген қаржыны, яғни, шариғат талаптарына сай келетінін орналастырады. «Halallauncher» жобасы ағылшын, араб, түрік, малай, индонезия, орыс, француз, неміс, италян және испан тілдерінде жүзеге асырылады. Аталмыш жобаға қатысқысы келетіндер тек коммерциялық науқанға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік жобаларға да – мәселен, босқындарға көмектесуге, климаттың өзгеруіне қарсы шараларға, зілзала, сел, өрт секілді табиғат апаттарынан (катаклизмдерден), радикализмен, әлеуметтік әділетсіздіктен, аштықтан, жұмыссыздықтан, т.б. зардап шеккендерген қолұшын созуға атсалыса алады.

0 пікір
Мұрағат