|
"Асату" өнімі халал сертификатын алды
|
Тараз қаласының тағы бір ірі кәсіпорнына халал стандартын растайтын құжат берілді. Көне шаһарда дайын қамыр шығаратын "Асату" тестопродук компаниясына Халал Даму КМ ДБ сертификаты табысталды.
Аталған кәсіпорынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша «Халал өнімдерін стандарттау» білімінің өкілі Нұрмаджан Миразизов барып қайтты.
Дін мамандары өнімнің жасалу орнын аралап, қызметкерлерге табыс, кәсіпке береке тіледі.






Мұрағат