Қазақстандықтар ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне салғырт қарайды
Қазақстандықтар ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне салғырт қарайды
8 жыл бұрын 3961 24.kz kleo.ru

Қазақстандықтар ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне салғырт қарайды. Ғаламтор мен әлеуметтік желіні пайдаланушылар саны жыл сайын артқанымен, түрлі ақпараттық ағындарды ажырата бермейді. Бұл жөнінде «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты халықаралық форумда Қазақстан ғаламтор қауымдастығының төрағасы Шавкат Сабыров мәлімдеді. Мысалы, соңғы 3 жылда ғаламтор пайдаланушылардан екі мыңнан астам арыз түскен. Биыл «Қазнеттегі» жеке басты қорлау мен жанжал туғызу 33 пайызға, ұлтшылдық пен нәсілшілдік 30, лаңкестікті насихаттау жөніндегі арыздар 21 пайызды құраған. Бұған қоса ғаламторды пайдаланатын балаларды бақылау жағы да әлсіз дейді мамандар. Шафкат Сабыров, Қазақстан ғаламтор қауымдастығының төрағасы: - Өткен жылғы «Касперский» мәліметіне сәйкес, бір алматылықтың смартфонында 7 вирус болатыны анықталған. Мысалы, мен қалта телефонымды үнемі тексеріп, тазалап тұрамын. Демек, маған келуі тиіс вирустар сіздің смартфоныңызда болуы мүмкін. Халқымыз ақпараттық қауіпсіздік туралы көп ойлай бермейтіні өкінішті. Бұл – өте күрделі мәселе.

0 пікір
Мұрағат