Елімізде «халал» өндірісі бір қалыпқа түсірілмек (видео)
Елімізде «халал» өндірісі бір қалыпқа түсірілмек (видео)
8 жыл бұрын 3099 khabar.kz

Енді дүкенге, не дәмханаға барсаңыз, азық-түліктің, болмаса қызмет түрінің «халал» екенін растайтын сертификатының бар-жоғын сұрай аласыз. Елімізде халал өндірісі бір қалыпқа түсірілмек. Бұл туралы Аграрлық техникалық университетте өткен аккредиттеу жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды.  Бүгінде тауарлар мен қызмет түрлеріне ондай белгі қойып, халықты алдап, табыс тауып жүргендер аз емес. Енді бұл аккредиттеу тұрғысынан бақыланбақ.  Біржан Қанешев, техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:  - Аккредиттеу жүйесі зертхана арқылы бақыланады. Біз тікелей қадағаламаймыз. Яғни, сөрелерді тексермейміз. Сапаны инспекция жүйесі арқылы бақылаймыз. Біз жанама бақылауды күшейтетін боламыз. Ол нарықтағы бәсекелестікке мүмкіндік береді.

 

1 пікір
  • Жақсы хабар! Мемлекеттік органдардың халал стандартты бақылауы қуанышты жаңалық. Өтрік халал тағамдар болмасын
    8 жыл бұрын
Мұрағат