Ирандықтар биыл қажылыққа бара алмауы мүмкін. Неге?
Ирандықтар биыл қажылыққа бара алмауы мүмкін. Неге?
8 жыл бұрын 3557

Иранның мәдениет министрі Әлі Жаннати биыл отандастарының қажылыққа бара алмауы мүмкін екенін мәлімдеді. Себебі, Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы келіссөз сәтсіз аяқталған. Нақтырақ айтқанда, екі тарап шиит қажыларға виза беру мәселесінде ортақ келісімге келе алмаған. Бұл жайында «islam.ru» ақпарат көзі "Associated Press" агенттігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Дінді саясатқа араластырмау жайында жиі айтылғанмен аталған екі ел арасындағы қатынасқа саясат бәрібір өз салқынын тигізбей қоймады. Нақтырақ айтқанда, Сауд Арабиясында шииттік насихатшы Нимра ан-Нимра өлім жазасына кесілген болатын. Ішкі алауыздық пен араздыққа жол берген деген айыппен. Содан бері Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы дипломатиялық қатынасқа терең сызат түскен еді. Бұған қоса, аятолла Али Хаменей өткен жылы 464 ирандық қажының қазасына себепкер болған қажылық кезіндегі қолайсыздыққа Сауд Арабиясының билігін айыптап, мәлімдеме жасаған болатын.

P.S: Сауд Арабиясының билігі ирандықтардың қажылығына тиым салмағанын мәлімдеп, Иран билігінің мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.

1 пікір
  • BQ
    Кажылык жасауга ешкимде, ештене де кедерги болмауы тиiс. Ойткенi ол Аллага кулшылык етудiн бiр турi жане парыз етiлген. Осындай алауыздыктар мусылман умбетинин атына сызат тусиреди. Алайда, акпаратта Сауд Арабиясы тарапынан ешкандай шектеудин жок екенин корсетипти гой.
    8 жыл бұрын
Мұрағат