Қазақстанда алғаш рет тауарларды халал жолмен бөліп төлеу қызметі іске қосылады
Қазақстанда алғаш рет тауарларды халал жолмен бөліп төлеу қызметі іске қосылады
35 минут бұрын 26 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шариғат талаптарына сай бөліп төлеу жүйесі іске қосылады: Қазақстан нарығында AJR Finance Ltd өз жұмысын бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы azan.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей жобаны өнімді әзірлеумен және инвестиция тарту бойынша бір жылдан астам уақыт жұмыс істеген мұсылмандар қолға алып жатыр. Жобаның көрнекті тұлғалары: Тимур Мұхтаров (негізін қалаушы және CEO), Нұрдәулет Оспанбеков (маркетинг жөніндегі директор және тең негізін қалаушы), Мұрат Қылышбай және Ернар Айжарықов (акционерлер). Негізгі топтан басқа жоба бойынша Ахмет Әбу Жақия (Ресей), Айдар Жантөре (Қазақстан) және доктор Зияд (Малайзия) есімді тұлғалардан жасақталған тәуелсіз шариғат кеңесі AJR өнімдерінің шариғат талаптарынан ауытқымауын қадағалайды. 

Мұндай жобаның не үшін қажет екенін түсіну үшін бар-жоғы бір деректің өзін келтірсек те жеткілікті. Қазақстан республикасы ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2024 жылы Қазақстанның 9,2 миллион қаржылық тұрғыдан белсенді халқының 9 миллионға жуық азаматының мойнында несиесі болды. Несие, тіпті, ақшадан тарыққан халықтың уақытша болса да қаражат жетіспеушілігін жоятын құралға айналған. Алайда, мұндай статистиканың тасасынан басқа картинааны көресіз, дәлірегі, әрбірімізде кейінге қалдыруға болмайтын немесе келмейтін жайттар бар: тісің қақсағанда оны емдетуге қаражат жетпейді; келесі жалақыда емес, дәл қазір қысқы аяқ киімді қажет ететін балаң  бар; күнделікті тұрмыстық техникаң (кір жуатын, ыдыс-аяқ жуатын машина, киімнің қыртысын жазатын құрал, қысқа толқынды пеш, су сүзгісі, т.б.) бұзылады. Мұның бәрі - дінде тыйым салынған құмар нәрселер емес,  күнделікті қажеттіліктер. Мұндай жағдайларда әдеттегі бөліп төлеу жүйесіне жүгінеді. Алайда, оның жанында пайыз, ал кешіктіргені үшін өсімпұлы тағы бар. 

AJR бөліп төлеу жүйесі шариғатқа қалай негізделген? Мұнда өсім қарастырылмаған, бірден тікелей сауда арқылы есеп айырысу тетігі жатыр. Барлық AJR моделі осы айырмашылыққа негізделген. Сіз тауар немесе қызмет алуға келгенде, алдыңызда екі адал баға болады, екеуі де алдын ала аталады: біреуі - бірден төлейтін бағасы, екіншісі - бөліп төлейтін бағасы. Екіншісі біріншіден жоғары, және бұл жасырын пайыз емес, сізге төлемді кейінге қалдырумен ұсынылатын тауар немесе қызмет үшін келісілген баға. Сіз мәміле жасалғанға дейін қорытынды соманы көріп отырсыз және қанша қаражат салатыныңызды анық білесіз. «Мөлшерлеме бойынша» қайта есептеу жоқ, өздігінен өсетін қарыз жоқ.

 Негізінде екі классикалық механизм жатыр: 

 Бірінші: Мурабаха - тауарлар үшін жұмыс істейді.

Компания сізге қажетті тауарды сатушыдан сатып алады, оның иесі болады, содан кейін сізге келісілген үстеме бағамен бөліп төлеу жүйесі арқылы сатады. Үстеме баға ашық және белгіленген сипатқа ие - ол ешқандай жағдайда өзгермейді. 

Екінші: Сервистік иджара - қызметтер үшін жұмыс істейді.

Стоматология, офтальмология, білім, т.б. Мұнда клиент қажетті қызметке қол жеткізуі үшін AJR Finance-ті жалдайды, ал AJR Finance өз кезегінде оны тікелей көрсету үшін кәсіби мердігер - клиниканы, маманды немесе оқу орнын жалдайды. Осылайша, AJR қарызға ақша ғана бермей, клиент алдында өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, мәміленің толыққанды тараптарының біріне айналады. Қызмет құны алдын ала белгіленеді және өзгермейді. 

Екі жағдайда да бір қисын бар: тауар немесе қызмет бар, адал баға бар, тараптардың келісімі бар. Бұл банктер пайда болғанға дейін жүздеген жылдар бұрын болған әдеттегі сауда мәмілесі.

 Шариғи бақылау: формалды емес, негізгі қызмет 

Әрбір AJR өнімі келісілген бағадан бөліп-бөліп төлеу шарттарына дейін адамдарға жеткізер алдында тәуелсіз шариғат кеңесінің  тексеруінен міндетті түрде өтеді. Кеңеске үш елдің ғалымдары кіреді: Ахмет Әбу Жақия (Ресей), Айдар Жантөре (Қазақстан) және доктор Зияд (Малайзия). Бұл процедура «бас кезіндегі» бір ретпен шектелетін тексеру шарасы емес. Кеңес компанияның қызметін тұрақты негізде ққадағалайды: жаңа өнімдерді қарайды, қолданыстағы шарттардың шариғат нормаларына сәйкес келуіне назар аударады және күмәнді мәселелер бойынша қорытындылар шығарады. Кеңестің мақұлдауынсыз бірде-бір AJR өнімі жұмысқа алынбайды.

AJR - тақыр жерден пайда болған жоба емес. Соңғы жылдары ислам қаржысы әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан секторларының біріне айналды. Islamic Finance Development Report мағлұматына сәйкес жаһандық ислами қаржы активтері 4 триллион доллардан асты және жыл сайын 10-12% -ға өсіп отыр. Ислам банкингі, сукук, такафул және халал инвестициялық қорлары бүгінде 80-нен астам елде жұмыс істейді.

0 пікір
Мұрағат