Кейінгі 60 жылда Қазақстан аумағындағы өзендердің ағысы 12,5 текше шақырымға қысқарды
Кейінгі 60 жылда Қазақстан аумағындағы өзендердің ағысы 12,5 текше шақырымға қысқарды
1 жыл бұрын 1097 inform.kz Әлихан Асқар

Бүгінде Қазақстан аумағындағы өзен ағысы 1960 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,5 текше шақырымға азайды. Мұндай деректер Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағындағы өзен ағысы 1895-1960 жылдар кезеңімен салыстырғанда 12,5 текше шақырымға азайды. Оның ішінде 9 текше шақырым немесе қысқарған жалпы көлемінің 72%-ы жергілікті өзендердің үлесіне. Ал қалған 28%-ы немесе 3,5 текше шақырым трансшекаралық өзендерге тиесілі. Жергілікті өзендер ағынының қысқаруы Балқаш-Алакөл және Тобыл-Торғайдан басқа барлық бассейнде болды», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған тұжырымдама-жобасында.

Бұрын хабарлағанымыздай, аталған жоспарды орындау аясында 2029 жылға дейін Қазақстан бойынша 25 жаңа су қоймасы салынады.

Сонымен қатар, су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді.

0 пікір
Мұрағат