Ғалымдар Жер қауіпсіздігінің сегіз өлшемін анықтады. Олардың жетеуі сәтсіздікке ұшыраған
Ғалымдар Жер қауіпсіздігінің сегіз өлшемін анықтады. Олардың жетеуі сәтсіздікке ұшыраған
11 ай бұрын 1010 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жер планетасына тән қауіпсіздіктің негізгі сегіз көрсеткішін атады, алайда, олардың жетеуі адамзаттың іс-әрекетінен сәтсіздікке ұшыраған. Осының себебінен адамдардың өмір сүру сапасы төмендеп, әлеуметтік теңсіздік белең алып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы theguardian.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаһандық жылынуға байланысты орын алған климат өзгерісінен бөлек, су ресурсының тапшылығы, қоректік заттардың азаюы, ауаның ластануы және экологиялық жүйенің тепе-теңдігінің бұзылуы да осындай қауіп-қатерлердің санатына кіреді. «Біз жер жүйесінің тұрақты күйде қалудың биофизикалық әлеуетінің шегіне жеттік. Біз құлдырау нүктелеріне жақындап келеміз және одан да көп орнына келмейтін өзгерістерді көріп отырмыз», - деді бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Йохан Рокстрем есімді профессор.

 

0 пікір
Мұрағат