Африкалық мемлекет Ресеймен жақындасқаны үшін 32 млрд доллардан аса табыстан айырылуы мүмкін
Африкалық мемлекет Ресеймен жақындасқаны үшін 32 млрд доллардан аса табыстан айырылуы мүмкін
1 жыл бұрын 1048 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүсік Африка республикасы Ресей Федерациясымен байланысын үзбесе, батыстағы серіктестері аталған елмен сауда-саттықтықты тоқтатады. Дәлірегі, жыл сайын батыс елдерімен арадағы сауда-саттықтан түсетін пайдасынан (32,4 млрд доллар) айырылу қатері төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2022 жылдың соңында Оңтүстік Африканың жалпы экспорттық кірісі 2 триллион рандты (шамамен 105 миллиард доллар) құрады. Сонымен бірге, Stanlib Asset Management инвестициялық қорының мәліметі бойынша бұл қаражаттың  30,4 пайызы АҚШ пен ЕО-ға тиесілі. Егер олар Оңтүстік Африка экономикасына санкциялар салса, ол 605 миллиард рандты немесе жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын жоғалтуы мүмкін. Салыстыру үшін алсақ, Ресей, тіпті, Оңтүстік Африканың ең жақсы 20 сауда серіктестерінің қатарына да кірмейді. 2022 жылдың соңында Оңтүстік Африканың Ресейге экспорты 240 миллион долларға жетті, бұл көрсеткіш Оңтүстік Африка экономикасының экспорттық кірісінің тек 0,23%-ын және елдіңжалпы ішкі өнімнің шамамен 0,07%-ын құрайды. Ал, мәселен, АҚШ-қа экспорттан түскен табыс көлемі 9,3 миллиард долларды құраған. Оңтүстік Африка республикасының билігі Украинадағы қарулы қақтығысқа бейтарап саясат ұстанады, дәлірегі, Ресейдің басқыншылық саясатына көз жұма қарайды, мәселен, Ресейдің әрекетін айыптау төңірегіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің дауыс беруде бірнеше рет қалыс қалды. Оңтүстік Африка республикасы ақпан айында Қытай және Ресеймен бірлескен теңіз жаттығуларын өткізіп, АҚШ пен ЕО тарапынан сынға ұшырады.

0 пікір
Мұрағат