ЖУЫРДА ЖЫНДЫХЫНАДАН БОСАЙТЫН МАРЖАНДЫ ЖУРНАЛИСТІҢ ӨЗІ АСЫРАП АЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ (ВИДЕО)
ЖУЫРДА ЖЫНДЫХЫНАДАН БОСАЙТЫН МАРЖАНДЫ ЖУРНАЛИСТІҢ ӨЗІ АСЫРАП АЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4262

Журналист Гүлжан Байназарова сегіз жылға жындыханаға жазықсыз қамалған Маржан Тұрлыбаеваны баратын жері болмаса, асырап алуға әзір екенін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz порталы 31 арнаға сілтеме жасап.

Күрмеуі күрделенген мәселеге қатысты сот шешім шығарды. Сараптама жүргізген мамандар Маржанның дені сау деген қорытындыға келді.

Шымкент дәрігерлерінің  «шизофренияның жәй түрі» деген диагнозын алматылық мамандар ақыры жоққа шығарды. Сот шешімі күшіне енген соң, Маржан жындыханадан босамақ.

Тек әзірге қайда барары белгісіз көрінеді. Астанадан қыздың әкесін тауып, онымен сұхбаттасқан шымкенттік журналист Гүлжан Байназарова Маржанның баратын жері болмаса, өзі асырап алуға дайын екенін білдірді.

"Маржан әрине, қуанып отыр. Сонда да, сеніңкіремейді. Әбден көңілі қалған. Әрқайсысы келіп, ертең шығасың, арғы күні шығасың деп үміттендірген", - дейді Байназарова.

1 пікір
Мұрағат