|
Имамдар әскерге барады
|
Ресей бас мүфтиі, орталық мұсылмандар діни басқармасы басшысы Талғат Тажуиддин Ресей Федерациясында Қарулы күштер қатарына имамдар әзірлеу курсы ашылғанын хабарлады.
«Ресей Федерациясы әскерилерінің белгілі бір бөлігін мұсылмандар құрайды. Олар ислам діні туралы дұрыс ақпараттарға қол жеткізіп, конфессияаралық, ұлтаралық бейбітшілікті сақтағысы келеді. Осы мақсатта 15 дін қызметкері әскерге жіберіледі» деді мүфти. Ол, сондай-ақ, Ресей әскеріндегі имамдар полкі институты Дінаралық кеңестің ел президентіне өтінішінен кейін қалыптаса бастағанын атап өтті.
Ресей мүфтиінің айтуынша, әскери қызметке имамдарды тарту жөнінде Қорғаныс министрімен арнайы келіссөз жүргізілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді