Ауыл тұрғындары енді теміржол кассасын іздеп, сабылмайды (видео)
Ауыл тұрғындары енді теміржол кассасын іздеп, сабылмайды (видео)
8 жыл бұрын 2445 khabar.kz

Енді шалғайдағы ауыл тұрғындарына пойызға билет алу үшін теміржол кассасын іздеп, аудан не облыс орталығына сабылудың қажеті жоқ.  Сол елді мекендегі «Қазпошта» бөлімшесінен билет сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Ақмола облысының Шортанды ауылында байланыс саласындағы тың қызмет түрлері таныстырылды. Олардың қатарында сәлемдемелер супермаркеті, сауда алаңы, есептік-касса, кәсіпкерлермен жұмыс сияқты заманауи технологияға негізделген қызметтер бар.  Мәселен, «salem mobile» терминалы арқылы дүкендегі кез келген тауарды электронды түрде, яғни, қолма қол ақшасыз сатып алуға болады. Жаңа жобалар тиімділігін көрсетсе, болашақта кеңінен қолданысқа енгізіледі.  Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: - Елу шақтысы үйренеді, сосын жүз шақтысы және әрі қарай. Осы жерде біз бірінші рет қолданып алғаннан кейін қалай жалғасатынын көреміз. 

 

0 пікір
Мұрағат