ЖУРНАЛИСТЕР АУЫЗАШАРДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ АЙТТЫ
ЖУРНАЛИСТЕР АУЫЗАШАРДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ АЙТТЫ
8 жыл бұрын 2717 E-ISLAM

Сауд Арабиясы журналистері бұқаралық ауызашарлардағы ысырапшылдық пен көл көсір тамақтың бей-берекет шашылуына наразы екендіктерін хабарлады.

Корольдікте сыртта келген жұмысшыларға арнайы бұқаралық ауызашар жасауға миллиардтаған риал жұмсалады. Айман әл-Гаваби есімді журналистің айтуынша, бір ауызашардың құны 10 риал тұрады, ал қалада 150 000 адам осындай шараларға барады, сәйкесінше күніне 1,5 млн риал шығындалады.

«Елімізде кедей тұрмыс кешетін тұрғындар мен сырқатты адамдар аз емес. Олар көмекке өте зәру. Біз неліктен жұмысшыларға арналған ауызашарларға жүз миллиондаған риалды шашамыз? Мына нәрсенің басын ашып, қайсысы маңызды екенін анықтап алу керек – сырттан келген жұмысшылар мен әлде кедей-кепшіктер мен сырқатты жандар ма? Бұл миллиондарды әртүрлі ауруға шалдыққан адамдарға немесе жалғыз басты аналарға жұмсаған жөн болар еді» дейді журналист. 

Ал саудиялық дәрігер Әбдірахман ас-Субайхидің сөзінше, әр адам ораза кезінде ауызашар беру арқылы өздерінің мейірбандығын көрсеткісі келеді, алайда мұндай ауызашарлардан кейін өте көп тамақ, азық өнімдері қоқысқа кетеді, ысырапшылдық орын алады.

«Қайырымды адамдар шағын ғана ауызашар ұйымдастырса, су мен құрма таратса да жеткілікті еді» деп атап өтті дәрігер.

0 пікір
Мұрағат