Тоғыз қытай баласы...
Тоғыз қытай баласы...
8 жыл бұрын 2887

Сауд Арабиясына нәпақа іздеп келген Қытай елінің 9 азаматы тура жолға түсті. Олардың хақ жолға түсуіне имам мен жамағат себепкер болған. Тарқатып айтқанда, осыдан бір апта бұрын имам Уәлид Ажаджи мешіт маңындағы картон қораптарда ұйықтап жүрген үйсіз-күйсіз жастарды байқайды. Имам жергілікті мұсылмандармен бірге оларға ас-ауқат беріп, қытай елшілігіне хабар жібереді. Отанынан жарықта жүрген қытай жастарының еліне қайтуына көмектесу үшін. Бұл жайында «IslamNews» порталы «ArabNews» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Белгілі болғандай, жұмыс ұсынған араб азаматы қытай жастарының еңбегін пайдаланып, жалақысын бермеген. 9 ай бойы тегін еңбек еткен қытай жастарының арабтар мен мұсылмандар туралы жаман ойда қалмасы үшін имам оларға қолынан келген көмегін аямады. Нәтижесінде мешітті паналаған олар исламды қабылдады. «Көп ұзамай елімізге ораламыз, өзімізбен бірге жаңа сенімді, бізді жылы қатынасымен, жұмсақ мінезімен өмірге көзқарасымызды өзгерткен қайырымды адамдар туралы естеліктерді ала кетеміз»,- деді олардың бірі.

0 пікір
Мұрағат