|
Аш егеуқұйрық 9 жастағы қызға шапты
|
Ақтөбедегі «Оңтүстік-Батыс» ауданында орналасқан дүкен маңында 9 жастағы мектеп оқушысына аш егеуқұйрық тап берген. Бұл оқыс оқиға жайында облыстық клиникалық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Талғат Артықбаев хабарлады. «Егеуқұйрық жеткіншектің иығына секірген. Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам егеуқұйрықтан құтылуға көмектескен. Егеуқұйрық қыздың қолын тістеп алған екен»,- деді ол бұл оқиғаның қалай орын алғанын баяндап. Зардап шеккен жеткіншек ауруханаға жеткізіліп, құтыруға қарсы ем тағайындалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады