Парсы шығанағы елдерін интеграциялайтын жоба қолға алынады
Парсы шығанағы елдерін интеграциялайтын жоба қолға алынады
4 минут бұрын 6 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бахрейнде Парсы шығанағы аймағындағы алты елді бір-бірімен жалғайтын, сауда-саттықты  жандандыратын, сондай-ақ, жолаушылар қатынасын жеңілдететін теміржол құрылысына қатысты ауқымды жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Asharq Al-Awsat ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бахрейннің көлік және коммуникация министрі шейх Абдулла бин Ахмет әл-Халифа әр ел өз аумағында орналасқан жоба учаскесін қаржыландыратынын мәлімдеді. Ал қатысушы елдер арасындағы көлік жүйелерін ықпалдастыруға жұмсалатын шығындар ортақ қаржыландырылатын болады. Министр түсіндіріп өткендей, аталмыш келісім жобаны іске асыруға арналған нақты шекті белгілейді, сондай-ақ, тараптардың әрқайсысының міндеттері мен іс-қимылдарды үйлестіру тетіктерін айқындайды. Оның айтуынша, теміржолдың ұзындығы 2117 шақырымды құрайды. Теміржол желісі Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері, Оман аумағын қамтиды. 2030 жылға дейін темржол желісі арқылы 6 млн жолаушы және 200 млн тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр.

0 пікір
Мұрағат