Ағылшын тілін 1 сыныптан оқыған оқушыларды кешенді зерттеу керек
Ағылшын тілін 1 сыныптан оқыған оқушыларды кешенді зерттеу керек
8 жыл бұрын 4149 24.kz, sabaq.kz

Қазақстандық лингвист-ғалымдар ағылшын тілін 1 сыныптан бастап оқып келе жатқан тәжірибелі мектептердің оқушылары арасында кешенді зерттеу жүргізуді ұсынып отыр. Бұл туралы Алматыдағы Ғылым ордасында өткен жиында айтылды. Лингвист-ғалымдардың пікірі екі мәселеге келгенде қақ жарылды. Балаға шет тілін нешінші сыныптан бастап үйрету керек, жаратылыстану пәндерін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту қаншалықты пайдалы деген тақырыптар қызу пікірталас тудырды. «Сондықтан, ерте жастан шет тілін оқып келе жатқан балаларды кешенді зерттеу жүргізсек, көп сұраққа жауап алар едік», - дейді мамандар.  Анар Фазылжанова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары: - Солардың тіліне, танымдық дүниесіне, психологиясына зерттеу жасап көрейік деген ұсыныс көп түсіп жатыр. Бұл зерттеу кешенді болуы керек деген ұсыныс та көптеу болды. Ол зерттеудің нәтижелері бұл саясатты ары қарай тиімді түрде жүзеге асыруға үлкен септігін тигізеді.

2 пікір
  • жылда қаптаған реформа үшін экспериментке айналған оқушылар түбі дүбара болады
    8 жыл бұрын
  • білім ең алдымен тыныштықты, сабырды қажет ететін реформа. бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының керін келтіріп алмамайық
    8 жыл бұрын
Мұрағат